Орындалатын файлдарды іске қосу ережелерін статикалық талдау нәтижелерін қарау

Пайдаланушыларға қандай орындалатын файлдарды іске қосуға тыйым салынғаны туралы ақпаратты көру үшін:

  1. Басқарылатын құрылғылар қалтасындағы консоль шежіресінен Саясаттар салынған қалтасын таңдаңыз.
  2. Kaspersky Endpoint Security for Windows бағдарламасы үшін саясаттың контекстік мәзірінде Сипаттар тармағын таңдаңыз.

    Бағдарлама саясатының сипаттары терезесі ашылады.

  3. Саясат сипаттары терезесіндегі Бөлімдер панелінде Қауіпсіздікті бақылау бөлімін, содан соң Бағдарламаларды басқару бөлікшесін таңдаңыз.
  4. Статикалық талдау түймесін басыңыз.

    Қатынасу құқықтары тізімін талдау терезесі ашылады. Терезенің сол жағында Active Directory деректеріне негізделген пайдаланушылар тізімі көрсетіледі.

  5. Пайдаланушы тізімінен таңдаңыз.

    Терезенің оң жағында сол пайдаланушыға тағайындалған бағдарламалардың санаттары көрсетіледі.

  6. Пайдаланушыға іске қосуға тыйым салынған орындалатын файлдарды қарау үшін Қатынасу құқықтары тізімін талдау терезесінде Файлдарды қарап шығу түймесін басыңыз.

    Пайдаланушыға іске қосуға тыйым салынған орындалатын файлдардың тізімін көрсететін терезе ашылады.

  7. Санатқа кіретін орындалатын файлдардың тізімін көру үшін бағдарламалар санатын таңдап, Санат файлдарын қарап шығу түймесін басыңыз.

    Ашылған терезеде бағдарламалар санатына кіретін орындалатын файлдардың тізімі көрсетіледі.

Сондай-ақ, қараңыз:

Сценарий: Бағдарламаларды басқару

Басына оралу